oC

2025 жылғы 5 мамыр күні білім ордамызда 0–11 сынып оқушылары арасында 9 Мамыр – Жеңіс күніне арналған "Ер есімі – ел есінде" атты бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы ерекше тарихи мәнге ие болуымен ерекшеленіп отыр. Осыған орай өткен тәрбие сағаттары өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, отансүйгіштік рухты нығайту, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін ұмытпай, құрметтеуге бағытталды.
Тәрбие сағаттары аясында оқушылар соғыс жылдарындағы халқымыздың қайсарлығы, тыл еңбеккерлерінің еңбегі, батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерлік жолдары туралы мағлұмат алды. Сынып жетекшілері мен мұғалімдер арнайы бейнематериалдар, фотокөрмелер және архивтік деректер арқылы оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, рухани тәрбие берді.
Кейбір сыныптарда оқушылар соғыс тақырыбына байланысты өлең оқып, өздерінің ардагер ата-әжелері туралы естеліктермен бөлісті. Сонымен қатар, "Мәңгілік полк" форматында естелік суреттер көрмесі ұйымдастырылып, соғыс ардагерлерінің бейнелері көрермендерге ұсынылды.
Бұл тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың бойына елжандылық пен құрмет сезімін сіңіруге, бейбітшіліктің қадірін ұғынуға зор ықпал етті. "Ер есімі – ел есінде" деген аталы сөздің мағынасын оқушылар жүрекпен сезініп, өткенге тағзым етті.
#9мамыржеңіскүні

https://www.instagram.com/p/DJRcRQPtpiT/