oC

Бүгін мектебімізде ерекше рухпен өрілген, жүректерді тербеткен шара – «Сөйлесін, домбыра!» атты отбасылық домбыра тарту сайысының екінші кезеңі өтті. Бұл кеш — қазақтың төл өнеріне деген құрметтің, ұрпақтар сабақтастығы мен шығармашылықтың жарқын көрінісі болды.
Сайыстың басты мақсаты — ұлттық аспап домбыра арқылы рухани мұраны насихаттау, ата-ана мен оқушы арасындағы шығармашылық байланысты нығайту және ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ санасына сіңіру. Күй күмбірі мен жүректі толқытқан әуен кеш бойы көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Әр отбасы сахнаға шығып, өнер мен шеберлікті үйлестіре отырып, күймен сыр шертті. Домбыраның шанағынан төгілген әрбір әуен — ата-баба аманатын жалғастырудың көркем бір көрінісіне айналды.
Жеңімпаздар төмендегідей марапатталды:
🏆 Бас жүлде — Төребаев Азамат және нағашы апасы Ахметова Роза Каировна
🥇 1-орын — Айтмағамбет Жансая мен апасы Жангазина Айгүл
🥈 2-орын — Меңдібай Әмірхан мен атасы Сердалинов Мендыбай Антаевич
🥉 3-орын — Токушев Ерасыл, Сұлтан, Әлихан бауырларымен бірге қатысып, ерекше өнер көрсетті
Үздік номинация иегерлері:
4-Б сынып оқушысы Манарбек Мансур
Теміржан Алима
Бекжанова Лейла
Сагиндыкова Асель
Барлық қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Осындай тағылымды шаралар — ұлт рухын жаңғыртудың, өнерге деген сүйіспеншілікті арттырудың таптырмас жолы.
Домбыра — елдің жүрегі, ұлттың үні!