oC

2025 жылдың 18 сәуір күні мектебімізде 0–11 сынып оқушыларына арналған "Суды үнемде – болашақты сақта!" тақырыбында тәрбие сабақтар ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты — оқушылардың қоршаған ортаға, соның ішінде су ресурстарына деген жауапкершілігін арттыру, экологиялық сауаттылықты қалыптастыру және табиғатты аялау сезімін ұялатады.
Сабақтар барысында мұғалімдер оқушыларға судың табиғаттағы маңызы, оны үнемдеудің жолдары мен маңыздылығы туралы жан-жақты мағлұмат берді. Түрлі бейнематериалдар көрсетіліп, сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырмалар мен пікірталастар ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, суды үнемдеу жөнінде қызықты идеяларымен бөлісті.
Балалар экологиялық сауаттылықтың маңыздылығын түсініп, табиғатқа деген қамқор көзқарас қалыптастыруда белсенділік танытты. Сабақтар рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелік мәнге ие болып, болашақ ұрпаққа экологиялық мәдениетті сіңіруде маңызды рөл атқарды.
Осындай іс-шаралар арқылы біз табиғатты аялауға, ресурстарды үнемдеуге баули отырып, жас буынның қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастырамыз.
#судыүнемдейік
https://www.instagram.com/p/DIkty04vh9P/?img_index=1