oC

2025 жылдың 21 сәуірінде мектебімізде маңызды экологиялық іс-шара өткізілді. "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы және "Қамқор" жобасы аясында 1–11 сынып оқушылары табиғатты қорғау мен жасыл орта қалыптастыру мақсатында мектеп алаңына шырша көшеттерін отырғызды.

Бұл бастама оқушыларға қоршаған ортаға қамқор болуды үйретіп қана қоймай, ұжымдық жұмыс пен жауапкершілік сезімін де қалыптастырды. Әр сынып өздерінің шырша көшетін отырғызып, болашақта ол ағаштардың қалай өсіп, жайқалатынын бақылап отыруды мақсат етті.

Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер бұл шараның оқушылар үшін тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті. Кішкентай ғана көшет егу – үлкен жақсылықтың бастауы. Табиғатқа деген сүйіспеншілік осындай игі істерден басталады.

Іс-шара соңында оқушылар өз қолдарымен отырғызған көшеттерге су құйып, болашақта оларды күтіп-баптап отыруға уәде берді. Бұл тек бір күндік акция ғана емес, ұзақ мерзімді экологиялық тәрбиенің алғашқы қадамы болды. Іс-шараға қатысқан мектеп түлектеріне және ата-аналар қауымына алғысымызды білдіреміз!
#біртұтас_тәрбие
#тазақазақстан🇰🇿
#қамқор

https://www.instagram.com/p/DIvZQzgTKaE/