oC
Бүгін, яғни 2025 жылдың 28 ақпанында, Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектепте "Біртұтас тәрбие бағдарламасын сабаққа енгізу жолдары" тақырыбында республикалық деңгейдегі семинар-практикум ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – білім беру процесінде тәрбие мен білімнің үйлесімділігін қамтамасыз ету, мектептің білім беру сапасын арттыру, біртұтас тәрбие құндылықтарын пәнге енгізу және сол арқылы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, енбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.Сонымен қатар, тәжірбие алмасу арқылы білім берудегі инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу.
Семинар барысында ашық сабақтар мен шеберлік сабақтары көрсетіліп, білім мен тәрбие ұштасқан оқыту үрдісінің маңызы айқын көрсетілді. Ұстаздар әртүрлі әдіс-тәсілдермен оқушыларға тәрбие беру мен білім беру мәселелерін үйлестірудің жолдарын көрсетті.
Семинар- практикум барысында 15 ұстаз ашық сабақ өткізіп, мектеп әкімшілігі іс-тәжірбиелерімен бөлісті.Семинар мерекелік іс-шарамен жалғасын тапты.
Біз болашақ ұрпақтың тәрбиесіне, оның толыққанды дамуына назар аударып, әрқашан жаңа әрі тиімді әдістерді қолдана отырып, білім сапасын арттыру жолында еңбек етуіміз керек!#біртұтастәрбиебағдарламасы
 
https://www.instagram.com/reel/DGn16QAtETI/