«Вокал» үйірмесіндегі шеберлік сағаты 2025 жылдың 12 ақпанында жоспарға сәйкес мектебімізде «Вокал» үйірмесінің жетекшісі Майгүл Даировна 2-сынып оқушыларына арналған «Дауыс ашу жаттығуы арқылы балалардың есту қабілетін дамыту» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Бұл шеберлік сағатының басты мақсаты – оқушылардың музыкалық есту қабілетін дамыту, дауыс аппаратын дұрыс қолдануға үйрету және вокалдық дағдыларын жетілдіру. Сабақ барысында балалар түрлі вокалдық жаттығулар жасап, дауыс қойылымы мен тыныс алу техникасын меңгерді.
Іс-шарада оқушылар ән айтуға арналған арнайы жаттығулар орындап, әуенді дұрыс есту мен оны қайталау машықтарын шыңдады. Сонымен қатар, олар ырғақ пен интонацияны сақтауға бағытталған қызықты ойындарға қатысты.
Шеберлік сағаты барысында балалар ерекше белсенділік танытып, музыкалық қабілеттерін дамытуда жаңа әдістерді үйренді. Майгүл Даировна әр оқушының дауыстық мүмкіндіктерін ашуға көмектесіп, олардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырды.