oC

Қазақ халқына қасірет әкелген сол бір аумалы-төкпелі жылдарда мыңдаған адам жазықсыз түрмеге тоғытылды, аяусыз атылды, туған жерінен айдалып кете барды. Ұлтын сүйген азаматтар тоталитарлық жүйенің құрбанына айналды. Елі үшін жанын берген әрбір тұлғаның есімі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз. 31 мамыр мектеп ұжымымен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні құрбан болған азаматтарға бір минут үнсіздік жарияланып, "Зұлмат" атты қысқаметражды фильм көрсетілді. Мұндай зұлмат кезеңнің енді елімізде ешуақытта болмауын, еліміздің іргесі мықты, аспанымыз ашық болуын тілейміз! #31мамыр #31мамырсаясиқуғынсүргіндердіескеалукүні