Домбыра үйірмесінде шеберлік сағаты өтті. 2025 жылдың 13 ақпанында 3-сынып оқушылары үшін «Домбыра» үйірмесі аясында «Домбыра аспабында оң қол және сол қол қойылымдары» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ұлттық аспапта ойнаудың дұрыс техникаларын үйрету және олардың домбыраға деген қызығушылығын арттыру.
Шеберлік сағатын үйірме жетекшісі Ұлжан Алтынбекқызы жүргізіп, домбырадағы оң қол мен сол қолдың дұрыс қойылымына ерекше мән берілді. Оқушылар қағыс түрлерін, саусақтардың орналасуын, ішектерді басу әдістерін меңгеріп, өз дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Сабақ барысында балалар домбырада ойнаудың негіздерін іс жүзінде қолданып, музыкалық шығармалардан шағын үзінділер орындады. Сонымен қатар, ұлттық музыка мәдениеті туралы тың мәліметтер алып, өзара тәжірибе алмасты.
Шара соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, үйренген дағдыларын көрсетті. Бұл шеберлік сағаты олардың домбыраға деген қызығушылығын арттырып, қазақтың төл өнерін одан әрі дамытуға ықпал етті.