oC

14 ақпан күні мектеп кітапханасында Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла» атты акция негізінде кітапханаға кітаптар сыйланды. Осы шараға белсенді қатысқан сыныптар мектепке деген құрметін көрсетіп әртүрлі тақырыптағы кітаптарды сыйға тарту етті. Сыйға берілген кітаптарды оқушылар үлкен мақтанышпен әкеліп тапсырды.
Мектепке кітап сыйлау - оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігі мен құрметін көрсетеді. Осы акцияға үлкен жауапкершілікпен қарау – оқушылардың жауапкершілігінің зор екенін көрсетеді.
Кітап – ең қымбат сыйлық, мәңгілік мұра, оны сыйлау – ізгілік пен жаңашырлықтың белгісі. Кітап сыйлау – бұл тек материалдық сыйлық емес, рухани байлық пен білімге жасаған ең керемет тарту. Қазіргі таңда адамды дұрыс бағытқа салатын, ой-өрісін кеңейтетін кітаптардың орны ерекше. Кітап әлемді түсінуге көмектесетін және болашаққа бағыт-бағдар беретін маңызды құрал болып табылады. Бүгінгі күнде кітап сыйлау арқылы оның әлемін байытып қана қоймай,білімі мен тәжірибесін арттырады.
Кітап – адамның жүрегінен шыққан жылы сөздер мен назардың белсісі. Кітап сыйлаған кезде идея мен түсінік сыйланады. Әр кітап оқушының жүрегінде жаңа бір есік ашып, оған жаңа әлемге қадам басуға мүмкіндік береді.
#кітапсыйлаукүні