12 желтоқсан күні Полиция департаментінің Ақпараттық полиция басқармасының бас маманы Сабитова Айгүл Қайырғалиқызы 9-11 сынып оқушыларына маңызды тақырыптар бойынша дәріс оқыды. Ол жолда жүру ережелері, буллингтің алдын алу, лудомания (ойынқұмарлық) және нашақорлықтың зияны туралы кеңінен әңгімелеп, оқушыларға түсінік берді. Сонымен қатар, жаңа жыл мерекесі кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Кездесу барысында оқушыларға күнделікті өмірде сақтық таныту, қауіпті жағдайлардың алдын алу және өздерін қорғау жолдары бойынша пайдалы ақпараттар берілді.
https://www.instagram.com/p/DDrAasMzj8Z/