2024 жылдың 18 желтоқсанында мектепте ұйымдастырылған тәрбие жоспарына сәйкес "Ата-аналар лигасы" жобасы өткізілді. Бұл ерекше іс-шарада ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, бірлескен әрекет арқылы спортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында бірнеше спорттық ойындар өткізілді. Лига аясында волейбол, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ сынды ойындар болды, әрбір қатысушы өз күш-жігерін, төзімділігін көрсетіп, жарысқа қызу қатысты. Бұл шара ата-аналар мен оқушылардың бірігіп, спорт арқылы үйлесімділік пен достықты нығайтуға үлкен мүмкіндік болды.
#біртұтас_тәрбие
https://www.instagram.com/p/DDuU6e_tUyl/