oC

19 желтоқсан күні 2 «А», 2 «Б» сыныптар арасында «Алтын сандық» интеллектуалды ойыны өтті.
Мақсаты:
- «Алтын сандық» интеллектуалды ойын арқылы балалардың алған білімдерін бақылау.
- Сөздік қорын, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, есте сақтау, дүниетанымын кеңейту.
- Еркін сөйлеуге,Отанды сүюге, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Ойын төрт бөлімнен тұрды:
1) «Ұшқыр ой» (берілген әріптерге сөз ойлау)
2) «1001 жұмбақ» (жұмбақтарды шешіп, суреттерін табулары керек.)
3) «Озық болсаң, тауып көр» (әр топқа бес-бестен сұрақтар қойылады, шапшаң жауап берулері керек.)
4) «Біз дайындаған сыйлық» (қиынды суреттер арқылы коллаж жасау)
Ойынымыздың ерекшелігі әр тапсырманы орындаған сайын жолымыздағы шарларды бір – бірден жарып отыру. Сайыс барысында ән шырқалып, би биленді.
Ойынға «Киіз үй» және «Домбыра» атты екі топ қатысты.Сайыс қызықты, жоғары дәрежеде өтті. Сайыс соңында қатысушылар дипломдармен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DDzpoJvvBRB/?img_index=1