oC

Бүгін мектебіміздің 9 "А" сынып оқушыларымен "Ұлы Жеңіс - Ұлы жеңіске жетелейді" тарихи-патриоттық сағаты өтті. Биыл Ұлы жеңіске 79 жыл толып отыр. Біздің мақсат келер ұрпаққа Ұлы жеңістің тарихы мен маңыздылығын жеткізу, ұлттық рухты көтеру. Тарихи-патриоттық сағатты № 6637 Ұлттық Ұлан әскери бөлімінің лейтенанты Акбердиев Ерсұлтан Жұбанышұлы арнайы қонақ болып келіп, арнайы дәріс оқыды. Кездесу барысында оқушыларымыз тарихқа шолу жасап, өз білімдерін шыңдады. Оларға арнайы бейнбаяндармен көрме ұйымдастырылды. Ұлттық рухы мықты ұрпақпен Еліміз мықты болсын деген ізгі ниетпен кездесу өз мәресіне жетті.
#ұлыотансоғысы

https://www.instagram.com/p/C6ieg_yre5Z/