oC

Мектебіміздің 6 "В" сынып оқушылары мен ата-аналары мейірімділік пен қамқорлыққа толы игі іс жасады. Олар қарттар үйіне барып, ондағы үлкендерге жылы лебіздерін білдіріп, шағын концерт қойды.
Оқушылар қариялармен әңгімелесіп, олардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерін тыңдады. Бұл кездесу жастар үшін өте әсерлі әрі пайдалы болды. Олар үлкендерге сыйлықтар табыстап, өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын ұсынды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастырып, үлкендерді құрметтеуге үйретеді. Қамқорлық пен сыйластық қоғамымыздың басты құндылықтары екенін түсіну — осындай шаралардың ең үлкен нәтижесі.#біртұтас_тәрбие

 

https://www.instagram.com/p/DD9zsS5PsLO/