oC

Зорлық-зомбылықсыз әлем: мейірімділікке және құрметке бастар жол
2024 жылдың 2 желтоқсанында мектебімізде жоспарға сәйкес 0-6 сынып оқушыларына арналған "Зорлық-зомбылықсыз әлем: мейірімділікке және құрметке бастар жол" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – жас буынның бойына мейірімділік, өзара құрмет, бірлік пен татулық сияқты адами құндылықтарды сіңіру және зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Тәрбие сағаты барысында балалар мейірімділік туралы әңгімелесіп, достық қарым-қатынасты дамытуға арналған ойындар ойнады. Әр оқушы "Менің мейірімді әлемім" тақырыбында сурет салып, өз армандарымен бөлісті. Шара соңында оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, айналасындағы адамдарға құрметпен қарауға уәде берді.
#зорлықзомбылықсызбалалықшақ

https://www.instagram.com/p/DDMeq9pNG93/