ЖИТС – ғасыр дерті
2024 жылдың 2 желтоқсанында мектебімізде жоспарға сәйкес 7-11 сынып оқушыларына арналған "ЖИТС – ғасыр дерті" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Бұл тақырып қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) – иммундық жүйені әлсіретіп, адамның өмір сапасына тікелей әсер ететін ауру.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға ЖИТС-тің таралу жолдары, оның алдын алу шаралары, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы ақпарат берілді. Мұғалімдер аурудың тек медициналық емес, әлеуметтік және этикалық мәселе екенін түсіндірді.
Оқушылар тақырып бойынша бейнероликтер тамашалап, өз пікірлерін ортаға салды. "ЖИТС – тек медициналық мәселе ме?" тақырыбында пікірталас ұйымдастырылып, балалар өз ойларын еркін білдіру мүмкіндігіне ие болды. Шара соңында әр оқушы "Денсаулығым – менің болашағым" атты эссе жазып, салауатты өмір сүрудің маңыздылығын түсінді.
https://www.instagram.com/p/DDMe-I7txqr/
#житскеқарсымыз