Тәрбие жоспарына сәйкес 2 желтоқсан 3 “Б” сыныбында «Денсаулық-адам өмірінің тірегі” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.Сыныптасымен бірлескен жұмыс істей білу, көмек көрсету, тиімді қарым-қатынас орнатуға бағыттау.
Сабақ барысында сынып жетекшісі Жанар Тулегеновна оқушыларға бірлік және ынтымақ құндылықтарына қатысты: дәрумен, тілек шоғы, жылы сөз, спорт атты бірнеше бөлімнен тұратын тақырыпқа сай мазмұнды тапсырмалар берді.
Оқушылар сабақ барысында тақырыпқа қатысты бейнесабақ, «Дәрігер мен бала» көрінісін көріп, тест сұрақтарына жауап беріп, денсаулықты сақтау туралы өз ойларын ортаға салды. Тәрбие сағаты «Көңілді күн» әнімен аяқталды. Бір-бірімізге жылы сөз айтып, көңілді жүрсек, ауырып ем іздегенше, ауырмай дұрыс жол іздейтін ережелермен осы шарада оқушылар танысып шыққанына сенімдіміз.
https://www.instagram.com/p/DDT8DBhtC9T/