oC

Өткен демалыс күндері облыс орталығының «Береке» шағын ауданында «AMANAT» партиясының ұйымдастырумен жаңадан салынған дене-шынықтыру-сауықтыру кешенінде оқушы қыздар арасында волейболдан «Шұбар доп» мектеп лигасы басталды.

✅ Аталған жарыс «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткізілуде. Дүбірлі додаға
6-7, 7-8 сынып оқушылары қатысып жатыр.

✅ Сайыстың бірінші аптасында 6-7 сынып оқушылары арасында бірінші орынды №25 орта мектебі жеңіп алды. Екінші орыннан «Қуаныш» волейбол командасы көрінсе, үздік үштікті №7 орта мектебінің қыздары түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок пен грамоталар табысталды.

https://www.instagram.com/p/DDWL9HXtQng/