oC

Біртұтас тәрбие жобасын жүзеге асыру мақсатында эстетика апталығы аясында 29 қараша ата-аналармен «СӨЙЛЕСІН, ДОМБЫРА!» атты отбасылық домбыра тарту өнері сайысы бойынша іс-шара өтті. Сайыстың негізгі мақсаты:
 Қазақтың ұлттық аспабы – домбыра арқылы ұлттық рухани мұраны насихаттау;
 Ата-аналар мен оқушылар арасында шығармашылық байланыс орнату;
 Ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал ету;
 Ата-аналарды мектеп өміріне белсенді қатыстыру;
 Эстетикалық тәрбиені дамыту және өнерге деген сүйіспеншілікті ояту.
Сайысқа мектеп оқушылары, оқушылардың туған-туысқандары (ата-аналары, ағалары, бауырлары, інілері т.б. туысқандары) қатысты. Қатысушылар сахнаға шығып, өз шығармаларын кезекпен орындап, қысқаша шығармашылық таныстыру жасады. Жеңімпаз атанған қатысушылар 2 кезеңге өтіп, мектеп әкімшілігі атынан естелік сыйлықпен марапатталды. 2 кезең қаңтар айында жоспарлануда. Және сайысқа қатысқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. 🎵🎶🎤

https://www.instagram.com/p/DDWsY5szbIb/