oC

«Кітап – сарқылмас руханият»

2024 жылдың 9 желтоқсанында 2 «Б» сыныбында «Кітап – сарқылмас руханият» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті. Сабақтың мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, мәдени және тарихи мұраларға құрмет қалыптастыру, кітапты күтіп ұстауға баулу.

Сабақ «Аффирмация» әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жылы сөздер айтып, позитивті көңіл-күймен басталды. «Оқуға құштар минуты» кезінде балалар қосымша кітаптардан үзінділер оқыды, ал белсенді оқырмандар ерекше аталып, марапатталды.

«Мюсенберг» әдісі оқушыларға сабақтың тақырыбын өз бетімен анықтауға мүмкіндік беріп, олардың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытты. Сабаққа мектеп кітапханашысы Нұрзия Шакенқызы қатысып, оқушыларды кітап оқуға шақырды.

Интерактивті тапсырмалар «Жалғастыр» және «Сиқырлы қалам» платформалары арқылы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, кітапты сақтау және күту ережелері түсіндіріліп, талқыланды. Сабақ «Білімпаз бұлан» әдісі арқылы кері байланыспен аяқталып, оқушылар өз әсерлерімен бөлісті.

Бұл сынып сағаты балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал етті. Кітаптың рухани байлық екені тағы бір мәрте дәлелденді.

https://www.instagram.com/p/DDXNmRgtr40/