«Еңбек – өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі»
9 желтоқсан күні 2 «В» сыныбында «Еңбек – өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты – оқушыларға еңбектің маңызын ұғындыру және еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасап, суретке қарап мақал-мәтелдер айтты, еңбек құралдарын тиісті мамандық иелерімен сәйкестендірді. Олар өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсету арқылы еңбек туралы түсініктерін кеңейтті.
Сабақ «Бауырсақ пен бала» атты көрініспен аяқталды. Бұл көрініс арқылы балалар еңбекқорлықтың құндылығы мен жалқаулықтың зиянын түсінді. Ұлы Абайдың «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» деген сөзін талқылау арқылы оқушылар әрқашан еңбекқор болуға ниет білдірді.
Бұл сабақ оқушылардың еңбекке деген көзқарасын қалыптастырып, бірлік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын ұғындырды.
https://www.instagram.com/p/DDXOG5qt6L7/