oC

«Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбындағы тәрбие сағаты
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде 0-11 сыныптары арасында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл шара еліміздің еркіндігі мен азаттық жолындағы тарихи жеңістерін атап өту, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу, олардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Тәрбие сағаттарының барысында оқушыларға Тәуелсіздік тарихы, оның қазақ халқына тигізген маңызы туралы түсінік берілді. Әр сыныптың тәрбие сағатында елдің тәуелсіздігі жолындағы күрес, ұлт азаттық қозғалыстары, Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы жайлы баяндамалар жасалды. Сонымен қатар, оқушыларға еліміздің еркіндігі мен егемендігін сақтау жолында атқарылған маңызды шаралар мен жетістіктер туралы мәліметтер берілді.
Биылғы «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбындағы тәрбие сағаттары балалардың тарихи санасын қалыптастыруға және елге деген махаббатын нығайтуға септігін тигізді.
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

https://www.instagram.com/p/DDYq4IqtHxr/?img_index=1
#біртұтас_тәрбие
#тәуелсіздіккүні