Бүгін мектебімізде еліміздің Республика күні қарсаңында 1-ші және 5-ші сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау іс-шарасы өтті. Бүгінгі қабылдау рәсіміне жалпы 143 оқушы қатысып, оның ішінде 72 оқушы «Жас Ұлан» ұйымына, 71 оқушы «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданды. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
https://www.instagram.com/reel/DBgeF_kCRlK/