oC

Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті
Бүгін мектебімізде сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы болды. Күн тәртібінде бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі «Құндылықтарға негізделген тәрбие сағатының әзірлемесін құру» және «Білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар», Оқушылармен психологиялық сүймелдеу жұмыстары» мәселелері қарастырылды. Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысы психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында тренингпен басталып, топтық жұмыспен ұласты. Озық тәжірибелі сынып жетекшілер жас буын сынып жетекшілерге өз тәжірибелерінде бар әдіс-тәсілдерді ортаға салып, «Құндылықтарға негізделген тәрбие сағатының әзірлемесін құруда» педагогикалық кәсіби шеберліктің үлкен маңызы бар екендігін ерекше атап өтті. Әр топ өз ұсыныстарын айтып, пікірлерін білдірді. Оқушы өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысын алдыңғы орынға қоятын мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілердің жұмысына шығармашылық табыстар тілейміз!

https://www.instagram.com/p/DBs2TvtC-mu/