Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ергендерге ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді.
Қалалық білім бөлімінің жоспары негізінде мектебімізде қарттарды қолдау айлығы аясында атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.
Қыркүйектің 26 жұлдызында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында «Ұрпаққа аманат» тікелей эфирі өткізілді. Кездесу барысында қарттарға арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мерекеге еңбек ардагері мен осы мектепте жұмыс істеген зейнеткерлер Ермекова Қыздығой Айтменовна, Ермеков Асқар Салимович, Куантаева Ботагоз Айтмукашевна және Қазақ аналары "салт дәстүр" қоғамдық бірлестігі төрайымы Махаметова Алма Сейтжанқызы және қоғам бірлестігінің бас кеңесшісі Өмірбекова Ғалия Әскерқызы шақырылды. Мектеп оқушылары мен мұғалімдер қарттарға өздерінің өнерлерін көрсетіп, жүрекжарды құттықтау сөздерін айтып, апа – әжелерінің шапағатына бөленді. Аяулы қарттарымыз балаларға өз тәлім, тағылымдарын айтып, өнеге етті. Концерттің соңы мерекелік дастарханға ұласты.