oC

«Күз - байлығым,берекем!» қолөнер көрмесі
Қиял мен шығармышылыққа кеңінен жол беретін, толып жатқан алуан түрлі сый-сияпат пен көптеген материалдарға толы, жылдың ең керемет, ең жарқын, ең дархан да алуан түсті, көркем мерзімі – Алтын күз.
Оқушылардың күз мезгілінің ерекшеліктерін, күзгі молшылық, береке туралы түсініктерін кеңейтіп, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу үшін мектебімізде дәстүрге айналған 0-4 сыныптар арасында «Күз - байлығым,берекем!» қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге оқушыларымыз бен ата-аналары бірлесе жасаған көрнекіліктер мен композициялары ұсынылды. Нәтижесінде Гран-при иегері 4 «Ә» сынып оқушысы Амандық Бекарыс, 1-орын иегерлері 0 А сынып оқушысы Теңіз Медина, 2 «Ә» сынып оқушысы Айтолла Саида, 2 «Б» сынып оқушысы Хамит Бахтияр, 2- орын иегерлері 0 «Ә» сынып оқушысы Бектурганова Самира, 4 «Ә» сынып оқушысы Ануар Ясмин, 1 «А» сынып оқушысы Еркін Айзере, 3 орын иегерлері 2 «Б» сынып оқушысы Бауыржан Ахмет, 2 «Ә» сынып оқушысы Ербол Айлана, 4 «В» сынып оқушылары Марат Али, Жамантай Дария, 3 «Ә» сынып оқушысы Ибрагимов Арлан жеңімпаз атанды. Қалған қатысушыларымыз Алғыс хатпен марапатталды.
Қолөнер бұйымдарын жасауға қатысқан барлық оқушыларымыз бен ата-аналарымызға алғыс білдіреміз!

Видео  https://www.instagram.com/p/DA-2DZAC2Ck/