2024 жылдың 17 қазанында мектепте 7-11 сынып қыз балаларымен "Қыздардың гигиенасы және репродуктивті денсаулығы" тақырыбында Шишкин Сергей Сергеевич гинеколог дәрігерімен кездесу өткізілді.
Қыздармен әңгімесінде олар дене гигиенасы, ерте жүктіліктің алдын алу және оның салдары тақырыбына тоқталды. Дәрігерлер қыздарды жыныстық жетілу кезінде әйел денесінде болатын анатомиялық, физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік өзгерістермен таныстырды. Мектеп медбикесі Насиева Бакытгүл "Қыз балалардың жеке бас гигиенасы" тақырыбына тоқталды. Кездесу барысында қыздар өз сұрақтарын қойып, жауап алып отырды.
https://www.instagram.com/p/DBYDnWkNyoO/