oC

Бүгін қыркүйектің 27-ші жұлдызы Алашорда үкіметінің төрағасы, қазақ саясаткері, публицист, мемлекет және қоғам қайраткері, тәуелсіздік жаршысы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлының атылу жазасына кесілген күні. Осы орайда ұлт көсемін мектебімізде еске алу жиыны өтті. Жиын Әлихан бабамыздың аруағына бағышталған 1 минуттық үнсіздікпен басталды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі Жадыра Темірғалиқызы сөз сөйлеп, өзінің Әлихан Бөкейхан жайлы ақпаратымен бөлісті. 11 "Ә" сынып оқушылары Әлихан Бөкейханның ұстанған 5 қағидасымен таныстырды. Жиын соңында 11 "А" сынып оқушысы Шорман Жасмин «Тәуелсіздік құрбандары» атты өлеңін оқыды. Тарихымызға өшпес із қалдырып, халқымыздың айрықша құрметіне бөленген көрнекті тұлғалардың бірі – Әлихан Бөкейхан. Қазақ халқының маңдайына біткен біртуар перзенті, жарық жұлдызы, әйгілі Алашорданың кезінде ұлтқа, жұртқа, Отанға, тілге қалтықсыз қызмет еткен сом тұлға мәңгілік есімізде сақталмақ.

https://www.instagram.com/p/DAawmJKiERz/