oC

«Мектептегі білім беру сапасының менеджменті: стратегиядан -практикаға» атты нысаналы мектеп басшыларына арналған республикалық семинар
2024 жылдың 25 қыркүйегінде мектебімізде «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» құндылықтарын жүзеге асыру мақсатында «Мектептегі білім беру сапасының менеджменті: стратегиядан-практикаға» атты нысаналы мектеп басшыларына арналған республикалық семинары өтті.
Семинарды мектеп директоры С.Н.Турсынова «Мектептегі оқу-тәрбие - ұрпақпен ұрпақты байланыстыратын дәнекер» тақырыбындағы баяндамасымен ашты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Елубай «Құндылықтар мен мәдениетті қалыптастыру: мектептегі тәрбие жүйесінің рөлі» тақырыбында мектептің тәрбие жұмысының жүйесіне тоқталып өтті. Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімі Д.Т.Арыкова 2 «А» сыныбымен «Ұлттық музыкалды аспаптар» тақырыбында тәрбие сағатын, география пәнінің мұғалімі Н.А.Абдразахов 8 «А» сыныбымен «Тақырыптық карталар және оларды қосымша сипаттайтын элементтер» тақырыбында ашық сабақтар берді. Ашық сабақтарда «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» құндылықтарын көрсету арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына, мәдениетінің қалыптасуына мүмкіндік жасалды. Ашық сабақтар тиісті деңгейде өтті.
Семинарға қатысушылар семинарды ұйымдастырушыларға, мектеп әкімшілігіне үлкен алғыстарын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

https://www.instagram.com/p/DAayCg8Cljr/