oC

Тіл - адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз қоғам жоқ. Бұл екі нәрсе бір - бірінсіз өмір сүрмейді. Біздің мемлекетімізде де осы туған тілді сақтап қалу, дамыту, өркендету үшін көптеген игі шаралар ұйымдастырылуда. Мұның барлығы- тілге деген құрмет екені сөзсіз.
Мектебімізде 6 қыркүйектен бастап, 13 кыркүйек аралығында айындағы «Тілім менің тірлігімнің айғағы»» атты қазақ, орыс, ағылшын тілдері пән декадасы өткен болатын. Апталықта құрылған жоспар бойынша тәрбиелік іс-шаралар, ашық сабақтар, сайыстар өткізілді. Жоспарланған іс-шаралар өте қызықты да тартымды ұйымдастырылып, өз деңгейінде мәресіне жетті. Апталықтың қорытындысында өз білімдерін шыңдай білген оқушыларымыз марапаттау қағаздары мен белсенді ат салысқан оқушылар алғыс хаттарға ие болды.
#біртұтас_тәрбие
#тілдерапталығы📚📔

https://www.instagram.com/p/DAAXSpoi35P/