Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы- тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев « Тіл- өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыра да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады» деп анық айтып кеткен еді.
Осы ұстанымды жүзеге асыру мақсатында, 2024-2025 оқу жылында мектебімізде қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оның қолданыс аясын кеңейту және жастар арасында тілдік мәдениетті дамыту жолында «Тіл насихаты» жобасы жүзеге асырылады. Жоба қазақ тілінің қоғамдық өмірде тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталған, сол арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттауды көздейді.
«Тіл насихаты» жобасы арқылы қазақ тілінің өміршеңдігін сақтау, оның қоғамдағы рөлін күшейту және ұлттың мәдени бірегейлігін нығайтуға үлес қосамыз. Әрбір азаматтың қазақ тілін құрметтеп, оны өмірдің барлық салаларында қолдануы – біздің ортақ міндетіміз. Жоба аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар мен бастамалар қоғамда тілге деген жауапкершілікті арттырып, тіл мәдениетін қалыптастыруға бағытталған қадамдар болады. Осы жоба аясында, мектебімізде әр айдың 25-і жұлдызын “Тіл насихаты” деген атаулы күнді мектепішілік циклограмма жоспарына енгізілді.
Қазақ тілінің болашағы – біздің қолымызда!
#біртұтас_тәрбие
#қазақтіліжасасын
https://www.instagram.com/p/DAIJQtAiZbx/