Жыл сайын бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған (1 желтоқсан) АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша айлық өткізіледі.
Жүргізілетін науқанның МАҚСАТЫ: жастар арасында АИТВ-инфекциясын жұқтыру және алдын алу мәселелері бойынша, оның ішінде зиянды заттардан бас тарту, жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану. Осыған орай бүгін мектебімізге 2 қалалық емханасынан инфекциялық бақылау медбикесі Веремеенко Валентина Анатольевна келіп арнайы 8-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді.
#жқтбғажолжоқ
https://www.instagram.com/p/C0T3a_6NUsz/?img_index=1