Ағымдағы жылдың 29 қарашасында өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициясымен ерекшеленетін тұлғаларды қалыптастыру, зияткерлік көрсеткішті анықтау, жан-жақты болуға баулу мақсатында мектебімізде «IQ көшбасшы» сайысы өтті. Сайыс 2-10 сынып оқушылары арасында 3 санат бойынша ұйымдастырылды. Жалпы сайысқа қатысуға өтініш білдірген оқушылар саны 24 баланы құрады. Әр санат бойынша оқушыларға 3 сұрақты қамтитын тапсырмалар ұсынылды. Тапсырмаларды орындау барысында қатысушылар тез әрі жан-жақты ойлау, жылдам есептеу, есте сақтау, бір уақытта екі немесе үш іс-әрекетті бірден орындау қабілеттері бойынша критерийлерге сай бағаланды. Сайыстың қорытындысы бойынша 2-4 сынып санатында жеңімпаз атанған 4 «Б» сынып оқушысы Өмірсерік Ясмина, 5-7 сыныптар арасында алға суырылып шыққан 7 «А» сынып оқушысы Кажебаева Жадыра және 8-10 сыныптар арасындағы санатта ерекше жетістік көрсеткен 9 «А» сынып оқушысы Төрехан Әділет. Сайыстың соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталып, ал жеңімпаз атанған оқушыларымызға 10000 теңге көлеміндегі сыйақымен табысталды. «IQ көшбасшы» байқауына демеу берген «Дукетбаев» ЖК қожайыны Дукетбаев Ербол Болатович пен мектебіміздің директоры Турсынова Сәуле Нұрғалиевнаға үлкен алғысымызды білдіреміз! Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз, жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
#IQкөшбасшы
https://www.instagram.com/p/C0V5R-8Nelw/