oC

2023 жылдың 29 қарашасында Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында 6-8 сынып оқушылары арасында Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына арналған «Сұлтан Бейбарыстың оралуы» атты қалалық қойылым байқауы болып өтті. Сайыстың мақсаты Сұлтан Бейбарыс мұрасын мәдени-ағарту және білім беру салаларында сақтау және насихаттау, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік, көркемдік-эстетикалық дамуына және өз елінің тарихи мұрасына ұқыпты қарауға ықпал ету, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту. Сайыс қазақ тілінде өтті. Байқауға Сұлтан Бейбарыстың өмірі мен қызметіне арналған қойылымдар ұсынылды. Сайысқа қала бойынша 21 мектеп қатысты. Қойылым барысында декорациялар, костюмдер, музыкалық сүйемелдеу пайдаланылды. Мектебіздің намысын қорғауға барған оқушыларымыз оза шауып, мектеп қанжығасына жүлделі ІІ орынды алып келді. Жеңімпаздарымызды дайындаған жетекшілер қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Иткулова Сандуғаш Жұмабекқызы мен Бостан Ерқанат Қуанышбекұлы. Сонымен қатар сайысқа дайындық барысында қолдау беріп, костюмдерді тігуге, декорациялық жағына көмектескен әріптестеріміз көркем еңбек пәні мұғалімі Ботагөз Хаметовна, Жанар Байкеновна, Гүлнұр Амантаевна, Гүлнұр Бүркітқызы, Алтыншаш Ануарбекқызы, Эльдар Адилович, Саида Саметаевна, Сауле Ермековналарға алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

https://www.instagram.com/p/C0WwBXYtt_G/?img_index=1