«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Ағымдағы жылдың 30 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өткен болатын.
Фестивальдің мақсаты – педагогтардың шығармашылық өзі-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Фестиваль 5 бағыт бойынша өткізілді. Аталмыш конкурсқа мектебіміздің мектепалды сынып тәрбиешісі Курмашева Венера Сагындыковна және бастауыш сынып мұғалімі Кусаинова Алима Ниязовна қатысып, жүлделі орындармен оралды. Айта кететін болсақ, Венера Сагындыковна «Шығармашылық толқын» бағытында «Асық ойынын жаңа форматта қолдану» тақырыбындағы идеясымен ІІ орынды, ал «Шеберлік палитрасы» бағытында «Критериалды бағалаудың ұлттық нақыштағы түрлері» атты тақырыбымен Алима Ниязовна жүлделі ІІІ орынды иеленіп қайтты. Жеңімпаздарымызды шын жүректен жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!
https://www.instagram.com/p/C0dbgYEN_uH/?img_index=1