oC

15 қараша «Ұлттық валюта» күніне орай бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы . Міне осы мерекеге орай бүгін мектебімізде оқушылардың төл теңгеміздің шығу тарихы мен оның егемен еліміз үшін маңызы үлкен болғандығын түсіндіру мақсатында 0-11 сыныптар арасында «Ұлттық теңге - ел тәуелсіздігінің символы» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. 30 жыл бұрын алғаш басылып шыққан ұлттық теңгеміз тәуелсіздікті нығайтуға көп әсері тигізгені, сондай-ақ әлемдік банкноттар арасында ең үздік деп танылғаны да белгілі. Сондықтан да ұлттық теңгеміз туралы мәліметтер оқушылардың білім-танымын көтеру үшін ғана емес, сонымен бірге ұлттық сана-сезімі мен Отанына деген құрметін арттыру үшін де пайдалы болмақ. Осы бағытта ұйымдастырылған тәрбие сағаттарды мұғалімдер жоғары деңгейде өткізіп, белгіленген мақсатын орындай алды.
#біртұтас_тәрбие
#теңгекүні

https://www.instagram.com/p/Czlumo9tpdi/?img_index=1