Бүгін Қазақстан Ұлттық валютасының қолданысқа енгізілгеніне 30 жыл толды. Төл теңгеміздің тарихы сонау 1993 жылдың 15 қарашасынан бастау алады.
"Теңге" атауы "денге" немесе "таньга" сөзінен шыққан. Бұл – орта ғасырдағы түркі күміс монеталарының тарихи атауы.
Осы атаулы күнге орай мектебіміздің "Адал ұрпақ" ұйымы "Ұлттық теңге-мақтанышымыз" атты тақырыптық көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты: Оқушыларды тәуелсіз еліміздің айрықша белгісі теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, дизайны және айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Теңге Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы екендігін түсіндіру. Сондай-ақ, оқушылар назарына теңгенің шығу тарихы жайында деректі бейнеролик ұсынылды.
#біртұтас
#теңгекүні
https://www.instagram.com/p/CzrLasjN06v/?img_index=1