oC

Қазіргі уақытта отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың жеке тұлғасының, әсіресе оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі екендігі белгілі. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ерекше және көрнекі түрде, әсіресе, бала тәрбиесінде көрінеді. Мектебімізде "Зорлық зомбылыққа жол жоқ" онкүндігі аясында 5 - сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен "Отбасы қарым- қатынасы" тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренинг мақсаты - психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы БАЛА мен АНАНЫҢ арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
#біртұтас_тәрбие
#зорлықзомбылыққа_жолжоқ

https://www.instagram.com/p/CzywD6stKKi/