Ағымдағы жылдың 13-17 қараша аралығында мектепішілік жоспарға сай педагог-зерттеуші санатындағы ұстаздардың ашық сабақтары өткен болатын. Білім беруде ар-ұят, талап, ұлттық мүдде құндылықтары алға қойылды. Аталмыш санаттағы педагогтер әріптестеріне өздерінің оң және инновациялық тәжірибелерін, әдістемелік идеяларды жүзеге асыру мен оқыту әдісін қолдануды көрсетті. Алдыңғы сабақты қайталау барысында түрлі заманауи платформалар қолданылды. Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында жоғары белсенділік танытты. Сабақ мақсатына жету үшін сабақта бірнеше тапсырмалар орындалды, әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақта балалалар өздерін "Домбыра", "Күнделік" т.б. әдістермен бағалады. Жеке және топтық жұмыстар шапшаңдыққа баулыды, өз ойын еркін жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
https://www.instagram.com/p/Cz3xfwzN2aI/