oC

Сынып жетекшілер отырысы
Ағымдағы жылдың 2 қараша күні мектептің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен “Тәрбие негізі – құндылықтар”тақырыбында кезекті сынып жетекшілер отырысы өткізілді. Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1.“Тәрбие негізі – құндылықтар” (топтық жұмыс)
2. “Аутодеструктивті мінез - құлыққа бой алдырмаудың шаралары”
3. Оқушылардың сабаққа қатысуы және құқықбұзушылықтың алдын алу
4. Әртүрлі мәселелер
Шара барысында тәрбие жұмысы бойынша біршама мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, Біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды жүзеге асыру жолдары топпен талданып, талқыланды. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы “Аутодеструктивті мінез - құлыққа бой алдырмаудың шаралары” және оқушылардың сабаққа қатысуы мен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары туралы түсіндіріліп, көрсетілді.
#біртұтас_тәрбие

https://www.instagram.com/p/CzJCRCftWcp/