-10 сынып оқушыларына арналған
жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным»
интеллектуалдық конкурстың қалалық кезеңнің нәтижесі
Ағымдағы жылдың 10 қазанында «БЭСТ» гимназиясы базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» интеллектуалдық конкурстың қалалық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты - өз елінің тарихына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өскелең ұрпақтың бойында әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді дамыту, сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы туралы білімдерін дамыту, ұлттық өзін-өзі тану және өзінің шағын Отанына деген мақтаныш сезімін дамыту.
Байқау екі турда өтті:
I тур – Қазақстан тарихынан тестілеу;
II -тур – 4 номинация бойынша жоба қорғау.
Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Шорман Жасмин «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы бойынша макет-презентациясын қорғады. Жоба жетекшісі мектебіміздің жас маманы, көркем еңбек пәні мұғалімі Бапашев Мақсат Амангелдіұлы. Байқауға қатысқан 8 үміткердің арасынан оза шауып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Мақсат Амангелдіұлы мен Жасминді құттықтай отыра алдағы уақытта да талай белестерді бағындыруларын тілейміз!
https://www.instagram.com/p/CyQd1mrM9FI/?img_index=1