Мектебімізде 5-қазан Ұстаздар күні мерекесіне орай, "Дублер күні" өткізілді.
Негізгі мақсаты: Оқушы жастардың өзін-өзі басқару қабілеттерін арттыру, мектеп парламентінің жұмысын жандандыру, педагог мәртебесін көтеру. Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Мектеп директоры (дублер) Тахметова Дамираның басшылығымен, бастамашыл топ құрылып, мектеп директорларының орынбасарлары өз салалары бойынша шаралар өткізіп, әр сыныпқа сабақ беретін оқушылар бекітілді. Тақырыпқа сай жоспарлар бекітіліп, жұмыс барысы нақтыланды. Бұл күні Парламент мүшелері және 11 сынып оқушылары өздері ұсынған жаңа әдістерін көрсетіп, сыныптарға бірнеше пәндерден сабақ берді. «Дублер күні» - бұл оқушылар нағыз мұғалім болып, өзін-өзі басқара алатын, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алатын қызығы мол күн болды. Артынан «Дублер күні» «Ұстазым саған мың алғыс!» атты мерекелік іс-шарамен аяқталды.
#біртұтас тәрбие
#өзін_өзібасқару
#дублеркүні
https://www.instagram.com/p/CyCwPfnLerm/