oC

Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі. Осыған орай мектептерде есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау, жолдарының алдын алуға болады. Бүгін мектебімізде жоғарғы сынып оқушыларымен "Есірткіге жол жоқ!" тақырыбында Петропавл қаласы прокуратура бөлімінен Юсибов Ризван Оруджоглы - келіп есірткі туралы мәліметтер ұсынды. Отырыстың мақсаты есірткіге қатысты проблемалар және есірткіні қолданудың алдын алу.
Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу,оның алдын алу — біздің қолымызда, себебі біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз.

https://www.instagram.com/p/CywHeWTtmBd/?img_index=1