oC

Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймыз,
Өйткені ол – Ұлт күні, Қазақ күні!
- демекші мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 маусымда Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаратынын мәлімдеген еді. Республика күні – ел тарихындағы айтулы күн. Бұл – маңызды мереке. Республика күніне арналған жоспар бойынша мектебімізде бір талай іс-шаралар өткізілді. Соңы осынау тарихи күнге арналған «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты мерекелік концертке ұласты. Концертте елімізге арналған өлеңдер мен әндер шырқалды. Би мен музыкалық композициялардың сан алуандығы көрермендер мен қонақтарды зор қуанышқа бөледі. Кеш қонақтары керемет көңіл - күй, жағымды эмоцияларға бөленіп қайтты.
#біртұтас_тәрбие
#Республикакүні
#Республикакүнінеарналғаніс-шаралар

https://www.instagram.com/p/Cyz7KDTtEPx/