oC

12 қазан күні мектебіміздің қабырғасында Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі өтті. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар жылы» аясында Республикалық балалар оқулары байқауын өткізуде.
Жобаның басты мақсаты – жас буынның кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерттеуге шақыру, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Мектебімізден аталмыш байқаудың қалалық кезеңінде І орын жүлдегері атанған 10-сынып оқушымыз Амантай Альбина қатысып, облыстық кезеңде бағын сынап ІІІ орын иегері атанды. Альбинаның мұғалімі мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Иткулова Сандуғаш Жұмабекқызы. Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтай отыра, алдағы уақытта да жаңа табыстар тілейміз!

https://www.instagram.com/p/CydoDdFN5y2/