Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету адамшылықтың ең жоғарғы қасиеттерінің бірі болып саналады. Қай халықтың болмасын түпкі тамырында үлкенді сыйлап, құрмет көрсету тереңде жатыр. Сол бір тамаша дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Осыған орай бүгін мектебімізде 0-11 сыныптарда «Қарты бар үйдің қазынасы бар» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Тәрбие сағаттарына арнайы ата-әжелер шақырылды. Оқушылар сынып сағаттарында белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, ата-әжелердің көңілдерінен шыға білді. Тек осы күні ғана емес, оларға деген ыстық ілтипат ғасырдан-ғасырға жалғаса береді. Өйткені, олар өміріміздің жарқын болуына ерекше үлес қоса білді. Тәрбие сағаты барысында ардагерлер оқушыларға шексіз алғыстарын жаудырды.#біртұтас_тәрбие #қартыбарүйдіңқазынасыбар #қарттаркүні
https://www.instagram.com/p/Cx5ZaARNMpY/?img_index=1