27 қыркүйек- Әлихан Бөкейханов өлім жазасына кесілген күн.....
Әлихан Бөкейхановтың қазақ үшін еткен еңбегі орасан зор. Ұлт көсемі тарих, этнография, әдебиет пен фольклорге арналған жүздеген мақалалар жазған. "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу", "Ер Тарғын", "Ер Сайын" сынды халық ауыз әдебиетінің бірнеше үлгісін жинақтады және баспадан шығарды.
Ғалымның қазақ хандары мен сұлтандарының, ру көсемдері мен билерінің Ресей империясы өкілдерімен жазысқан хаттары туралы да бірнеше еңбегі бар.Ұлт-азаттық қозғалыстың негізін қалаушы, қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым Әлихан Бөкейханов 1937 жылдың 27 қыркүйегінде жалған айыппен Мәскеуде өлім жазасына кесіледі. Үкім сол күні қабылданып, алаштың арда азаматы қаза тапты.
Осыған орай бүгін мектебімізде бір минуттық үнсіздік жарияланып, Әлихан Бөкейханов жайында оқушылар назарына деректі фильм ұсынылды.
Өзінің: «Өмірімнің соңына дейін қазақ халқына қызмет етемін», – деген ұстанымына адал болып өтті. Қазіргі жастар Әлиханнан үлгі алып, өз Отанына адал және аянбай еңбек етеді деген сенімдеміз!
#біртұтас_тәрбие
https://www.instagram.com/p/Cxs2Xc1t_xq/