oC

Қыркүйектің 14-ші жұлдызында «Тіл – татулық тірегі » атты тілдер онкүндігіне орай, қазақ тілі мұғалімдері «Поэзия менімен егіз бе едің...» атты поэзия кешін өткізді. Поэзия кешінде биылғы жылы мерейтойлары аталып өтіліп жатқан жерлесіміз, алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың 130-жылдық мерейтойына, қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы дарынды драматург Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына, небәрі 27 жас өмір сүрсе де артына мол мұра қалдырған қаламгер ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдық мерейтойына, ақын-жазушы,қоғам қайраткері Ғафу Қайырбековтың 95 жылдық мерейтойына арналды.
Мақсаты:Оқушыларға поэзия құдіреті арқылы қазақ деген ұлы халықтың болмысы мен бітімінің ұлылығын дәріптеу.
Кеш қонақтарынан: Өрлеу біліктілік курсында білім алып жатқан қадірменді кешке келген қонақ ұстаздар,ата-аналар,ұстаздар,оқушылар кештің басты көрермендері болды! Кеш соңын қазақ тілі мұғалімдері Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазылған "Ана туралы жыр" әнімен аяқтады.
#біртұтас_тәрбие

https://www.instagram.com/p/CxN1JE2tvcw/