Мектебімізде қыркүйектің 11 жұлдызы күні "Тіл татулық тірегі" атты тілдер фестивалінің аясында жоғарғы сыныптар арасында ағылшын тілінде квест ойыны өтті. Ойынның мақсаты: қатысушыларды ұйымшылдыққа, алған білімдерін өмірде қолдана білуге бағыттау, проблемалық мәселелерді оңай және жылдам шешуге, топта жұмыс жасауға және өзіндік пікірді дамытуға баулы болды. Квест ойыны арқылы оқушыларды бірлесіп ортақ шешім табуға, әрекет етуге, топ үшін күресуге, жеңіске жетуге бейімдейді. Әр топ өзіндік ерекшеліктерімен көріне білді. Жеңіске 10 "А" сыныбы жетті. Құттықтаймыз!
https://www.instagram.com/p/CxDxL_GNSQK/