oC

Мектебімізде "Жас келсе ІСКЕ" тақырыбында жас мамандармен психологиялық тренинг жүргізілді. Тренинг мақсаты- жаңа ортаға жас ұстаздардың бейімделуіне психологиялық сүймелдеу жұмыстарын жүргізу, әр жас маманның бойына "МЕН педагог" концепциясын қалыптастыру. Тренингте жас мамандар тарапынан белсенділік, жауапкершілік, креативті ойлау сынды қасиеттері байқалды. Тренинг соңы жас мамандарға арналған арнайы психологиялық кеңестер жадынамалары мен кинотерапия әдістері ұсынылды. Қатарымызға жаңа қосылып жатқан жас мамандарға жаңа ортаға тезірек бейімделіп, білім жолында тек биік белестерді бағындырыңыздар демекпіз! Қош келдіңіздер!
#жаскелсеіске

https://www.instagram.com/p/Cw9gQ-GNRGt/